Жуырда Маңғыстау облысына қарасты, Қарақия ауданынан келген делегация Шардара ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – балық шаруашылығын дамыту және тәжірибе алмасу болды. 

Қонақтар жергілікті кәсіпкерлердің балық өсіру тоғандары мен балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Делегация құрамында Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Шапағат Әзірханов, Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сыйлыбай Жарқынбайұлы, сондай-ақ, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нағима Қабилуллақызы болды.

Іс-шара барысында екі өңір арасындағы балық шаруашылығын дамыту бағытында тәжірибе алмасу, серіктестік байланыстар орнату және жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Сапар соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және балық шаруашылығын дамыту саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Өз тілшімізден