Шардара ауданына қарасты Достық ауылдық округінде 1 900 гектар жерге бақша дақылы егілген. Онда қауынның Жиенбай сортынан – 100 гектар, Валет сортынан – 1 300 гектар, Жұлдыз сортынан – 400 гектар жерге дақыл егілсе, 100 гектар аумаққа қарбыз себілген. Бүгінгі таңда жиын-терім науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Жиналған өнімнің 50 пайызы, яғни 300 тоннадан астамы Ресей мен ішкі нарыққа жіберілген. Науқан соңына дейін шаруалар жалпы 600 тоннаға жуық өнім жинауды көздеп отыр.

Айта кетейік, жалпы Шардара ауданында биыл 9 865 гектар жерге бақша өнімі егілген. Бүгінгі күні оның 2 615 гектарынан 82 мың тонна өнім жиналған. Оның 1 000 тоннасы қауын, 81 мың тоннасы қарбыз. Ауылшаруашылығы мамандарының пікірінше, биыл Шардара ауданында бақша өнімінің көлемі 260 мың тоннадан асады деп жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.