Жерлесіміз Ерсұлтан Мұзаппаров Астана қаласында өткен қазақ күресінің алыптары айқасатын «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, күміс жүлдені қанжығаға байлаған болатын.

Шардараның ғана емес, күллі Оңтүстік өңірінің мерейін үстем еткен жерлесімізді аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы шақырып, ерге лайықты құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Сондай-ақ, бүкіл аудан халқының атынан алғыс айтып, жеңісті күндер тіледі.

– Ерсұлтанның жеңісін телеарнадан көріп, бойымызды айрықша қуаныш кернеді. Алыптардың арасында финалға жолдама алу бірінші кезекте тәжірибеге, шеберлікке байланысты болса, содан кейінгі кезекте өр намыстың арқасы болса керек. Бүгінгі таңға дейін Ерсұлтан бауырымыз қанша белестерді бағындырды. «Шардара – чемпиондар жері» деген сөзді іс жүзінде дәлелдеп жүрген азаматтың бірі өзіңсің» – деді Арман Романұлы.

"Өскен өңір" – ақпарат.