Жуырда ғана мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында: «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді.
Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты. Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек» деген еді. Апта барысында осы мәселеге орай инвесторлардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша мәжіліс өткізілді.
Аудан прокуроры Алмас Әлінің төрағалығымен өткен жиынға обылыстық энергетикалық басқармасының жауапты мамандары, аудандағы құзырлы мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер, яғни, аудандағы ивесторларға мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жеңілдіктер жайлы, кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды.
Тарқатып айтқанда, «Казкрахмал» ЖШС-нің инфрақұрылымы және ауыл шаруашылық жерлерге бөлінетін ағын суды оңтайлы мерзімде босату және зауыттың Ақшенгелді ауыл округіне қарасты 30 га жерге егілген жүгері алқабына уақытылы ағын су жетіспеушілігі, «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытына инфрақұрылым мердігер тарапынан уақытылы жүргізіліп пайдалануға беру. Бұдан бөлек «Шебер» тігін цехындағы ауыз су, табиғи газ мәселелері сараланды.
Аудандық прокуратура тарапынан жиында көтерілген сұрақтар бойынша жауапты тараптарға мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
"Өскен өңір" – ақпарат.