Көксу ауылдық округінің тұрғыны, «Бағдат» шаруа қожалығының төрағасы Ералиев Аманәлі Киікбайұлы биыл 25 гектар жерге күріш дақылын еккен.

Диқан күріштің «Лазер» және «Мустахиллық» сұрыптарын егіп, гектарынан 70-75 центнердің  арасында өнім алуда. Аманәлі Киікбайұлы жалпы 165-170 тонна өнім алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Жерге жақсы қарап, бабын түсініп, еңбек етсең кез келген дақылдан мол өнім алуға болады. Келесі жылы 50 гектарға күріш ексем деймін. Алдағы уақытта күріш  дақылын өңдейтін заманауи аппарат алып, дайын өнім шығару да ойда бар. Бұдан бөлек 10-15 гектар мақта, арпа, бидай, жоңышқа да егемін. Диқаншылық – бұл берекелі кәсіп қой» - дейді А.Ералиев.

«Ал күріш өніміне қай уақытта да нарықта сұраныс бар» дейді диқан.

"Өскен-өңір" - ақпарат.