Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы бірқатар нысанмен танысты.
Тарқатып айтсақ, ең алдымен Өтеғұл елді мекеніндегі асфалть төселген көшелерді қарап, мамандармен алдағы уақытта жөндеуді талап ететін жолдардың жай-күйін талқылады.
Сондай-ақ, қалада «Наурызбай» шаруа қожалығының басшысы Мұхтар Сабировтың жаңадан салып жатқан күріш цехымен танысты. Кәсіпорынға тартылған инвестиция көлемі 500 млн құрайды. Кәсіпкер жылына 5 мың тоннаға жуық ақталған күріш өндіріп, ел аумағы мен ТМД елдеріне экспорттауға ниетті. Ал кәсіпорын құрылысын қазан айының соңында дейін аяқтау жоспарланған. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын қарап, атқарып жатқан жұмыстарға оң баға берді.
Сонымен қатар №4 шағын-аудандағы жаңадан салынып жатқан саябақтың жұмысымен танысып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.