Өткен аптада Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Шардара ауданына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нысандардың құрылысымен танысты.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, күн тәртібіндегі түйткілдерді саралады.
З.Жолдасов Шардара су қоймасының құрылысын қарап, жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қаладағы 4-шағын аудандағы саябақ, емханаға баратын жаңа жол және өзге де абаттандыру нысандарын аралады. Сонымен қатар, Шардара қаласының басты мәселесіне айналған бас су торабына барып, түйіткілдің шешу жолдарын талқылады.
Осы ретте жауапты мамандарға мәселені шешу жолдарын жан-жақты анықтауды тапсырып, облыс деңгейінде сараланатынын жеткізді.
"Өскен өңір" - ақпарат.