Белгілі кәсіпкер, «AMANAT» партиясының мүшесі, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов өз қаржысымен Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Ануар Нысановтың баспанасын жөндеп берді. 

Атап айтқанда, тұрғын үй шатыры мен жылу жүйесін жаңалап, баспанасына көгілдір отын кіргізіп, ақсақалдың алғысын алды.

«Халықпен әр кездесулер мен жеке қабылдауларда әртүрлі өтініш пен жағдайларын айтып азаматтар келеді. Әрине бәріне заң аясында барынша көмектесіп, мәселелерін шешуге тырысамыз. Ал бірер уақыттан бері жеке қабылдауға зейнеткер ақсақал Ануар Нысанов баспанасының жағдайын айтып өтініш білдірді. Әлеуметтік жағдайынан бөлек, зейнеткердің ұлы жол апатынан денсаулығына зақым келіп, жұмысқа жарамсыз болып қалғаны бар. Көп болмаса да зейнеткердің баспанасын реттеп, газ, жаңа шатыр және жылу жүйелерін ауыстыруға көмектестім. Бұл мақтанатын емес, үлгі ретінде жасалған игі іс. Әрбір азамат өз туған жері үшін қолынан келген жақсылықты жасауға міндетті деп білемін» – дейді Бақытжан Серманизов. 

Рүстем Пердебек.