Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.
Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.
Бүгінде біздің елімізде әлеуметтік-саяси реформалар жүзеге асырылуда, барлық мемлекеттік құрылымдар Тәуелсіздік ұстанымын нығайту, біздің берік бірлігі, мықты ұстанымы бар мемлекет екенімізді көрсету үшін жұмыс істеуде. Біздің ауданның тұрғындары-халықтың рухани, мәдени, қоғамдық-саяси өміріне қамқорлық жасайтын үлкен елдің бөлігі.
Аудан тұрғындарының еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама, игі істер бар. Жаңа білім ошағы мен тұрғын-үйлердің құрылысы бой көтеріп, спорт саңлақтарымыз әлемдік додада жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді мерекемен шын жүректен тағы да құттықтаймыз!
Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болғай! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасының амандығын тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі А.Қарсыбаев
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүтәлиев