Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. 

Қабылдауда тұрғындар тұрғын үй,мектептегі ұжымдық жұмыс мәселесі, электр қуатының бағасы жөнінде, тұрғын үй кезегіне тұру, мемлекеттік бағдарламамен жұмысқа тұру, газ кіргізу, тал егу, зейнеткерлердің шипажайларға баруы  және әлеуметтік көмек мәселелері көтерілді.

Аудан басшысы  әр өтініш-сұрақтың шешу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, жауапты бөлімдерге мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды істеуді тапсырды.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.