Апта басында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралып, әрбір саладағы жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ, жер қатынастары бөлімінің жұмысы бойынша баяндама тыңдалып, жайылымдық жерлерді қайтару, аукцион өткізу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Арман Романұлы алдағы жылдың жоспары мен биылғы жылдағы бюджеттік қаржының игерілуін саралады.
Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген арыз-өтініштердің шешілу жолдары талқыланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.