Кешегі аптаның соңында аудан әкімі Арман Қарсыбаев Желтоқсан оқиғасына 38 жыл толуына орай, ұлттық рух пен намыс жолында азаттыққа үлес қосқан желтоқсаншы жерлестерімізді арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
«Сіздерді ең алдымен Республикамыздың әрбір азаматы үшін, айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Азаттықты алуға арқау болған желтоқсаншы жастарымыз бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерліктері бүгінгі егеменді еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, ырыс-береке тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, тұғыры әрдайым биік бола берсін!» – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, аудан басшысы сонау ызғарлы қыста егемендікке ұмтылып, толқыған қазақ жастарының тарихымыздан алар орны ерекше екенін тілге тиек ете отырып, желтоқсаншыларға өз атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Желтоқсаншылар 1986 жылғы болған оқиғаларды айтып, естеліктермен бөлісті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.