Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтармен көп балалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы сәйкес, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында үй кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болды.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев үй иелерін қуаныштарымен құттықтап, тұрғын үй кешенінің жаңа пәтер кілттерін табыстады.

– Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген шаруалар қолға алынып,  қаншама нысандар ашылуда. Биылғы жылы Шардара ауданында да көптеген нысандар пайдалануға берілуде. Біздің мақсат аудан  тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Міне бүгін қаламыздағы Әсемай мөлтек ауданындағы 40 пәтерлі тұрғын үй  ел игілігіне пайдалануға берілуде.

Ауданда атқарылып жатқан барша жұмыстар мен игі бастамалар аудан тұрғындары үшін жасалып келеді. Барлығымыз да елімізді гүлдендіру үшін әрқашан бірлікте, ынтымақта игі істер атқарып, жарқын болашақ үшін еңбек ете берейік!

Осындай қуанышты сәтте  пәтер иелеріне үйлеріңізде әрқашан да жылылық пен қуаныш болсын деген тілек білдіремін. Жаңа жылмен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Арман Романұлы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.