Қаңтар айының 21-25 күндері аралығында Жетісай ауданында 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер мен 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа облысымыздың әр аймағынан кіл мықты боз кілем шеберлері қатысты. Дүбірлі додаға біздің жас балуандар да қатысып, бақ сынаған болатын. Нәтижесінде жасөспірім спортшылар 2 алтын, 4 қола медальді қанжығаларына байлады.

Атап айтар болсақ, Байбақ Бекмұратов (57 кг) пен Әділет Рысбай (60 кг) алтыннан алқа тағынса, Рамазан Валихан (35 кг), Ернат Өербаев (48 кг), Абзал Аманбай (51 кг), Бекзат Бекмұратов (92 кг) қола жүлде иегері атанды. Б.Бекмұратов пен Ә.Рысбай алдағы уақытта ел чемпионатында бақ сынайтын болады.

Балғын балуандардың алдағы ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдіреміз.

«Өскен өңір» – ақпарат.