Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты Шардара ауданында да қарқынды түрде асырылып келеді.

Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар мен көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес Жаңа жыл қарсаңында 24 отбасыға жаңа тұрғын үйлердің кілттері тапсырылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.

"Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген шарауалар қолға алынып,  қаншама нысандар ашылуда. Биылғы жылы Шардара қаласында да көптеген нысандар пайдалануға берілуде. Біздің мақсат – аудан  тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Ағымдағы жылы 120 тұрғын үй сатып алынып, жуырда 40 пәтер, ал бүгін тағы 24 пәтерді ел игілігіне беріліп отыр, баспанамен қамту жұмыстары жалғасатын болады. Осындай қуанышты сәтте  пәтер иелеріне Жаңа жылмен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын дегім келеді!"- деді Арман Романұлы. 

"Өскен өңір" – ақпарат.