Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Арман Қарсыбаев осы өңірде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан бір топ этнос өкілдерін қабылдады.

–Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күні құтты болсын. Осы ауданның өсіп-өркендеуіне әрқайсысыңыз да атсалысып келе жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге есігім әрдайым ашық, кез келген уақытта қабылдауға әзірмін. Туған жерімізді дамытуға бірге атсалыса берейік, – деген Арман Романұлы қабылдауға кірген қыз-келіншектерге гүл шоқтары мен Алғыс хат, естелік сыйлықтар табыс етті.

Аудан әкімінің қабылдауында болған татар ұлтының өкілі Анфиса Шевырталова, орыс ұлтының өкілдері Елена Коваленко, Мария Наумова, кәріс ұлтының өкілі Элла Цой, неміс ұлтының өкілі Ольга Майер аудандағы қонақжай барша қазақ ұлтына алғысын айтып, ыстық лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, сөз алған Мария Наумова жаңа әкімнің қолға алуымен қаланың көркейіп, гүлденіп келе жатқанын айтып, көптің атынан алғыс сезімін жеткізді. 

"Өскен өңір" – ақпарат.