20-21 сәуір күндері Түркия мемлекетінің Анталья қаласында робототехника бойынша «Robotex Turkiye 2024» халықаралық чемпи- онаты өткен болатын.

Аталған білім біріншілігіне Шардара қаласындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп- интернатының информатика пәні мұғалімі Маржан Саудабаеваның жетекшілігімен “Shardara team” робототехника командасы да қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде құрамында 10 сынып оқушылары Әзімхан Ерасыл мен Бірлік Нұрдәулет болған шардаралық команда Орта Азияның 9 мемлекетінен келген 34 команданың арасында өткен білімділер бәйгесінде “Lego Sumo” категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлап, Италияда болатын жарысқа жолдама алды.

Дүбірлі додада жеңімпаз болып, мықтылардың мықтысы атанған оқушылар мен жетекшісін, қолдау көрсеткен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!

Өз тілшімізден.