Сәрсенбі күні Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен “Инвест-Керуен” іс-шарасы аясында Шардара ауданында орналасқан инвесторлармен аудандық кәсіпкерлік мектебінде кездесу ұйымдастырылды.

Мәжіліске Түркістан облысы прокуратурасы қоғамдық мүдделерін қорғау басқармасының аға прокуроры Ізтілеуов Серік Нұрмаханұлы, аудан прокуроры Абдраимов Руслан Әлжанұлы және аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, қала әкімі,  кәсіпкерлер палатасы, дербес бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы , «Kazakh Invest» және «Түркістан инвест» инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша өкілдері,  аудан   кәсіпкерлері, баспасөз қызметі  қатысты.

Күн тәртібінде Серік Нұрмаханұлы сөз сөйлеп,  облыста  іске асырылып жатқан жобалар, оның ішінде  ауданымыздағы  «Казкрахмал» ЖШС және «Шебер» мүгедектер қоғамы бірлестігінің  инвестициялық жобалары    прокуратура тарапынан сүйемелдеу және қадағалау  барысында  және өзекті мәселер туындаған жағдайда  шешілуге жұмыстар атқарылатындығы айтылды.  Сондай-ақ аудан прокуроры Руслан Әлжанұлы сөз сөйлеп, ауданда ірі, орта, шағын кәсіпкерлік суъектілерді қадағалаушы мекемелер тарапынан  тексеру үшін алдыменен  прокурорлық сүзгіден өтетіндігін, қандай да бір кәсіпкерлік нысан тексерілетін болса прокуратурадан келісім алу керектігін, яғни әрбір кәсіпкер прокурордың назарында болатындығы баяндалды. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттама түзіліп, бірқатар тапсырмалар берілді. 

 Аудандық прокуратура.