АРМАН ҚАРСЫБАЕВ, аудан әкімі: «ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ЖЫЛ БОЙЫ ЖҮРГІЗІП, ҮРДІСКЕ АЙНАЛДЫРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ» 

Құрметті жерлестер!

Meн қазір шардаралықтармен бірге жағажайда сенбілік жұмыстарына қатысып жүрмін. Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ѳтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына шардаралықтар белсенді түрде қатысуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда Шардара қаласы мен барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында 21150 түп тал көшеттері отырғызылды. 30 мың түп ағаштар ақталды.

Тазалық жұмыстарына 13 250 адам тартылып, 58,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолдары, 51 ирригациялық жүйе тазартылды. Бұл жұмыстарға 41 техника тартылды.

Қадірлі шардаралықтар!

Баршаңызды «Таза Қазақ- стан» экологиялық акциясына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Тазалық шарасын бір күндік немесе бір науқан аясында емес, күнделікті жасалатын үрдіске айналуына атсалысуымыз қажет. Сонда ғана ауданымыз таза әсем аймаққа айналады. Тазалық жұмыстары бұдан әрі қарай да жалғасын таба беретін болады.