Жаушықұм ауылында тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар күнбағыс өсіріп жатқан «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы жиын-терімді бастады.

«ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен өсірген.

Бұдан бөлек, шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11  адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс жасатып отыр. Мұнда 23 ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді. Олар күнбағыс өнімін Қытай, Түркия, Әзірбайжан елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлап отыр.

«Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып суару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін» – дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.