Аудандық орталық мешітте бас имам Марат Асановтың ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» шарасы өтіп, аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, тағы басқа санаттағы отбасыларға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысуда. Қасиетті айдың қарсаңында қолға алынған ізгі істің маңыздылығына тоқталған бас имам мұндай шаралар әлі де жалғасын табатындығын айтты.

«Асыл дінімізде кімде-кім бұл дүниеде мұсылман бауырының қайғысын сейілтсе, Алла Тағала қияметте оның қайғысын сейілтеді. Ал, кімде-кім қиындыққа тап болғанның жағдайын жеңілдетсе, Алла оның ісін осы дүниеде және қияметте де жеңілдетеді» деген. Ендеше, осындай сауапты бастамаға атсалысқан әрбір жомарт жандарға Алла Тағала разы болсын», – деген М.Асанов қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

Өз тілшімізден.