Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында осы аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев 2024 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиындарын өткізді.

12-13 қараша күндері Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт ауылдары тұрғындарымен жүздескен Арман Романұлы кеше Қ.Тұрысбеков және Жаушықұм ауылы тұрғындарымен кездесті. Есеп берудің соңы аудан әкімдігінде қорытындыланды. Жиынға қатысқан азаматтар мен аудан тұрғындары өңірде атқарылған жұмыстарды тыңдап, талап-тілектерін айтып, сұрақтарын қойды.Сондай-ақ, Арман Қарсыбаев тұрғындарға ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы бірқатар іс жоспарларымен таныстырды.

«Жалпы биылғы жыл аудан үшін жемісті жыл болды деп айта аламыз. Қысқаша айтсам, Шардара-Келес бағытындағы кіреберіс заманауи үлгіде жаңарды;

2024 жылы бас-аяғы 220 пәтер тұрғын үй салынып, кезегімен пайдаланылуға берілмек;

Аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат тапсырылды;

Аудандық емханаға баратын жаңа жол және автотұрақ салынды;

Шардара қаласында 16 көше және Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде 14 көшеге асфальт төселуде;

Жаушықұм ауылында газ берілді;

Тазалық жұмыстары жүйелі түрде қолға алынды;

№4-мөлтекауданда жаңа саябақ салынуда;

Ауданға жыл басынан бері 26,2 млрд инвестиция тартылды;

Шардара-Жетісай бағытындағы кіреберіске абат- тандыру жұмыстары жүргізілді;

Бұрынғы құрылыс бұйым- дары комбинаты жері мемлекет меншігіне қайтарылды;

Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Тама-Тастанбек» жобасы іске асырылуда.

Осы жерде атап айтатын мәселе – «Тама-Тастанбек» жобасының құрылысы  2025 жылдың  басында басталмақ. Бұдан бөлек, алдағы уақытта инфрақұрылым мен абаттандырудан бөлек, Шардара қаласындағы аял- дамаларды жаңарту, су жағасына саябақ салу және инвесторлар тарту жоспарлары іске асырылмақ» – деді аудан басшысы.

Айта кетсек, 2024 жылдың 9 айының қорытындысымен жергілікті бюджетке 3 миллиард 570 миллион теңге түсіп, жоспар 101,6% орындалды. Шығыстар бойынша жоспардағы 6 миллиард 425 миллион теңгенің 99,9% игерілді. Жергілікті бюджет түсімдері жыл басында 4 млрд теңгеге бекітіліп, нақтылау барысында 825,6 миллион теңгеге ұлғайтылып, жоспар 4,8 млрд теңгені құрады.

ӨНЕРКӘСІП. 2024 жылдың 9 айының қорытындысымен 16,4 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді (нақты көлем индексі 102,4 пайызды құраған). Бұлар негізінен балық өңдеу, мақта және күріш өңдеу, электр энергиясын өндіру кәсіп-орындарының көрсеткіштері.

 ИНВЕСТИЦИЯ. 2024 жылдың 9 айының қорытындысымен негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 26,3 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі – 118 пайызға орындалды. 

Ауданымызға жеке кәсіпкерлер есебінен инвестиция тарту бағытында 2024 жылы 9 айында құны 2,1 млрд.теңгені құрайтын, 97 жұмыс орны ашылған 5 жоба іске асты.

ҚҰРЫЛЫС. 2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 14 миллиард 358 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 124,6% құрады. 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі 138,3 миллион теңгені құрайтын 2 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ.  Есепті мерзімде 24,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,1% құрады.

Сонымен қатар, халықтың осал тобына жататын 120 отбасыға пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа Республикалық бюджеттен 1,9 миллиард теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда, Әсем-ай шағын ауданындағы 1 қабатты 2 пәтерлі 32 тұрғын үйдің (64 пәтер) құрылыс жұмыстары толық аяқталып, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 4-ші шағын ауданындағы 24 және 36 пәтерлі тұрғын үйлердің іргетастары толық құйылып, 3-ші қабатының қабырғалары қаланып, сырлау жұмыстары жүргізілуде.

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 719,5 шақырым. 2024 жылы 25,2 шақырымды құрайтын асфальт және тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 374 миллион теңгеге, Шардара қаласындағы 10,4 шақырымды құрайтын ішкі 16 көшелерге асфальт жабындысы және таст төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, «Ауыл ел-бесігі» жобасы аясында 390 миллион тенге бөлініп, Қоссейіт және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне 14,8 шақырымды құрайтын асфальт жабынын төсеу жоспарланған. Бүгінгі таңға 19,9 шақырым асфальт және тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.