Республика күні қарсаңында М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының қос бірдей ұстазы білім саласында жеткен зор жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат ұстаздардың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесі мен еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.
Апта барысында аталған мектеп-интернат директоры Баян Қанайбекова озат ұстаздарды ұжым алдында салтанатты түрде құттықтады.
Осындай марапатқа ие болған математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Жұлдызай Төлебаева мен математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Қайырғали Жорғабаевты шын жүректен құттықтаймыз!
Шәкірттеріңіз білім шыңын бағындыра берсін!
«Өскен өңір» – ақпарат.