Елімізде «Таза Қазақстан» эко-бағдарламасы өз жалғасын табуда. Аталған бағдарламаға шардаралықтар да белсенді қатысуда.

Кешегі аптаның соңында экологиялық бағдарлама аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен, Шардара-Жетісай тас жолының бойына 500-ге жуық адамның қатысуымен 2000 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Сенбілікке барлық мемлекеттік мекемелер, спортшылар мен ерікті аудан жастары және аудан әкімі ағаш отырғызу шарасына қатысты.

– Ауданымыздың көрікті болуы ең бірінші – тазалығы мен көгалдандыруына байланысты. Сондықтан өзіміз тұрып жатқан ортаға қамқорлық жасап, көркеюіне атсалысу осында тұрып жатқан әрбіріміздің міндетіміз деп білемін. Туған жерге үлес қосу үшін үлкен істер істеу міндет емес, жай ғана тазалығы мен көркеюіне қол ұшын созу жеткілікті» – деді А.Романұлы.

Аталған бағдарлама алдағы уақыттары да өз жалғасын табады. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.