Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы бірнеше нысанды аралап, ондағы жағдайлармен танысты. 

Атап айтқанда, Абай көшесінің бойындағы панноларды жаңалау, №4 шағын ауданындағы саябақ құрылысының жұмысы, №2 мөлтек аудандағы игерусіз жатқан аумақты абаттандыру және мемлекет меншігіне қайтарылған бұрынғы «Құрылыс бұйымдары комбинаты» аймағындағы 4 га аумаққа дендросаябақ салу жұмыстарын талқылады.

«Аудан тұрғындарының таза ауада күнделікті бой сергітіп, таза және жасыл саябақтарда серуендеуі үшін жағдай жасалуы керек. Бұл ең бірінші экологияға оң әсер етеді. Ал бұрынғы «Құрылыс бұйымдары комбинаты»  жерін дендросаябаққа айналдыру бұл қаламыздың көркі ғана емес, жасыл қалаға айналуымыздың бастамасы» – деді Арман Романұлы.

Алдағы уақыттары Шардараның шырайлана түсері сөзсіз.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.