Кешегі аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Егізқұм елді мекеніне барып, проблемалық нысандарды аралады.
Атап айтқанда, Егізқұм ауылындағы ескі балабақша, спорт ғимараттарының және бас су торабының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, Егізқұмдағы "Қазпошта" филиалы мекемесінің жұмыс жүйесін бақылады.
Арман Романұлы әр нысанның қазіргі жағдайын бағамдап, алдағы уақытта ғимараттарды тұрғындардың игілігіне пайдалану жағын қарастыру бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.