Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың №1-219ө өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Каратунов Еркебұлан Абдугафурұлы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, Шардара ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Е.Қаратунов 1988 жылы 9 шілдеде өмірге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратынан бастап, Шымкент қаласы мен Шардара ауданында әкімдік бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарған.
Еркебулан Абдугафурұлы ауданда аумақтарға құрылыс салу, бас жоспарды іске асыру, инфрақұрылым нысандарын дамыту, аудандағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыстарды үйлестіру, мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру, көлік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциясын жүргізу, жылумен және энергиямен қамтамасыз етуді, коммуналдық меншікті басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алуды жүргізуде басшылық жасау және тағы да басқа қызметтерді атқаратын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.