Қадірлі жерлестер!

Құрметті шардаралықтар!

Берекесі мен бірлігі жарасқан барша аудан тұрғындарын көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі – «Алғыс айту күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – табиғаттың ояну уақытымен, жаңа үміттермен сәйкес келетін, ұлттық ынтымақтастық пен жерлестердің бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсететін көзайым күн.

Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.

Сонымен бірге тарихи жағдайларға байланысты қазақ жеріне еріксіз қоныс аударған миллиондаған түрлі этностардың қазақ халқына ыстық ықыласының белгісі.

Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас, қайырымдылық дәстүрлердің жалғасын табуы әлеуметтік ынтымақтастығымыздың өнегелі өлшеміне айналды.

Өңірімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен достығының арқасында бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде алға өрлеуге зор ықпал етуде.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір азаматтың парызы.

Шежірелі Шардара ауданының тұрғындарына да бірлігіміз бен татулығымызды сақтау жолындағы еңбектеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Бүгінгі мерекемен құттықтай ортырып баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларңызға амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілейміз.

Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!

Құрметпен, аудан әкімі  А.Қарсыбаев,

аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев