Кешегі аптаның жұмасында аудан әкімі Арман Қарсыбаев ақын, мемлекеттік қызмет ардагері, Мақтаарал және Жетісай аудандарының «Құрметті азаматы», ҚР Журналистер Одағының мүшесі Пердеш Есенбековты қабылдады.
Ақын алдымен Арман Романұлын Шардара ауданының 60 жылдығымен құттықтап, ертеректе Шардара ауданына жұмыс бабымен келген кездеріндегі естеліктерімен бөлісіп, әкімге өзінің кітабын тарту етті. Сонымен қатар, Арман Романұлының бастамасымен бастау алған «60 жылдыққа – 60 кітап» акциясын қолдайтынын айтып, аудандық кітапхана қорына өз атынан 70 дана кітап сыйға тартты.
Өз кезегінде ардагер мемлекеттік қызмет пен ақындық жолындағы жүріп өткен жолдарына шолу жасап, аудан әкімі Арман Романұлын Шардара қол күресінің негізін қалағандай, ауданның әл-ауқатының артып, дамуына күш жұмсай беруіне тілектес екенін жеткізді.
Аудан басшысы меретоймен құттықтап, кітапхана қорына кітаптар тарту еткен ақын, ардагер Пердеш Есенбекке алғыс айтып, ыстық лебізін білдірді.
Мұнан соң Пердеш Есенбекұлы өзі оқыған «Шардара» мектебіне барып, білім ошағы ұжымымен кездесті. Мектеп кітапханасына тағы 30 кітап тарту етіп, «Болашақ» аллеясына ағаш отырғызды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.