Кешегі аптаның сәрсенбісінде Шардара аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің катысуымен мәжіліс өтті. Қоғамдық кеңестің отырысына аудан әкімі А.Қарсыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы М.Нұрпейісов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов және басқа да кеңес мүшелері қатысты.

Жалпы осы уақытқа дейін ауданның дамуына елеулі үлес қосып, тиянақты жұмыс атқарып келген Қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелерімен соңғы жиын өтіп, баршасына алғыс білдірілді.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев мәжілісте Қоғамдық кеңестің атқарған жұмыстарына шолу жасап, кеңес мүшелеріне және осы уақытқа дейін алты жыл көлемінде төрағалық етіп, абыроймен жұмыс атқарған Мұрат Нұрпейісовқа ыстық лебізін білдіріп, Алғыс хат пен торқалы шапан жапты. Сондай-ақ, жиында болған мәслихат төрағасы және ақсақалдар мен кеңес мүшелері сөз сөйлеп, атқарған жұмыстарын саралап, алғыс сезімін жеткізді.

Айта кетсек, алдағы уақытта Қоғамдық кеңес мүшелері жаңадан жасақталмақ. 

"Өскен өңір" – ақпарат.