Аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың бастамасымен №4 мөлтекаудандағы жаңадан салынған «Болашақ» саябағында ерікті жастар мен мекеме қызметшілерінің қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтті. 

Арман Романұлы өзі тал егуді бастап, бүгінгі егілген көшеттер ертеңгі күні балаларымыз саялайтын, табиғатты таза ауамен қамтамасыз ететін қастерлі дүние болатынын жеткізді.

1 наурыз – «Алғыс айту» күні және ауданымыздың 60 жылдығы мерейтойына орай, аудан көлемінде 2000-нан астам еріктілер мен аудан тұрғындары жаппай сенбілік, көшет егу жұмыстарына белсенді қатысып, 5400 дана көшет отырғызды. Сондай-ақ, 53 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Айта кетсек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен жылы ауданымызда 76 рет сенбілік өткізілді. Ал биылғы жылы ауданда 606 шақырым жол бойлары мен 1311 ұсақ белгіленбеген қоқыс орындарын жоюды, 42 300 дана ағаштар мен 67 дана аялдаманы қайта салу және әктеп-сырлауды, 71 шақырым аяқжолдар мен 73 га саябақтарды, 6 га скверлерді, 75 дана көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен 62 дана спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңшаларын, 111 шақырым ирригация жүйелерін тазалау,  ретке келтіру жоспарланып отыр.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.