Аптаның сәрсенбісінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі  Қайрат Балабиев Шардара ауданына іссапармен келді.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев депутатты ең алдымен Әсемай шағынауданындағы жаңадан салынған тұрғын үйлермен таныстырып, ондағы тұрып жатқан жандармен тілдесті.

Сондай-ақ, АҚ «Samruk-Kazyna Contruction» тапсырысымен 4-мөлтек ауданында салынған  1200 орындық жайлы мектеппен және Шардара қаласында бұрынғы тоқтап тұрған «Май-жем комбинатын» жандандыру үшін ғимарат орнына ашылған «Наурызбай» күріш өңдеу шаруақожалығына барды. Ондағы мамандармен жұмыс жүйесін талқылап, әрқашан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Халық қалаулысы мұнан кейін Жаушықұм және аудан тұрғындарымен кездесулер  өткізді. Кездесуде Қайрат Рахымұлына тұрғындар тарапынан бірнеше мәселелер мен ұсыныстар айтылып, пікір алмасты.

«Шардара ауданында тұрғын үй, жаңа жайлы мектептер және жаңа кәсіпорындар салынып жатқаны қуанарлық жағдай. Жергілікті әкімдіктің қанағаттандырарлық жұмысының нәтижесі деп білемін.

Сондай-ақ, ел игілігіне қажетті жобалар мен нысандарды республикалық деңгейде көтеріп, қаржы бөлдіруге ықпал жасауға дайынмын» – деді депутат.

"Өскен өңір" – ақпарат.