Наурыз айының соңғы күндерінде Түркістан қаласындағы Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ақын, драматург, прозашы Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау мақсатында өткен “Ілияс Жансүгіров оқулары” байқауының облыстық кезеңі болып өтті.

Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 90-нан астам оқушы қатысты.

Аталған байқауға А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Оңғарбек Тұрғанай қатысып, бақ сынаған болатын. Байқау қорытындысы бойынша Т.Оңғарбек "Ілияс – қарасөз шебері" бағыты бойынша І орынға ие болып, жеңімпаз атанды.

Осы ретте Тұрғанайға және оны байқауға баптап қосқан, бағыт беріп, ойы мен тілдік шеберлігін шыңдаған, жоғары дәрежеде дайындағаны үшін мектебіміздің озық тәжірибелі ұстазы, қазақ тілі мен әдебиетінің үздік маманы Дүйсенкүл Үсеноваға мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз. 

А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы