Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрығына сәйкес Шамиев Мағжан Қазбекұлы “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып тағайындалды.

Мағжан Қазбекұлы 2018-2020 жылдар аралығында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дәрігері, 2020-2022 жылдары Шардара аудандық жекпе-жек және күш спорт түрлері бойынша спорт клубы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2022-2024 жылдары Шардара аудандық жекпе-жек спорт түрлерінен спорт клубы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Жетістіктері – ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионатының 15 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының 7 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері.

М.Шамиевтің жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.

«Өскен өңір» – ақпарат.