24-28 наурыз күндері Алматы қаласында Haileybury Almaty мектеп базасында 9-11 сынып оқушыларының география және информатика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен география пәнінен 152, информатика пәнінен 143 оқушы қатысты.

Аталмыш олимпиадаға ауданымыздағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Қыдыр Ернұр қатысып, бақ сынады. Білімділер додасына түскен Е.Қыдыр «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, республикалық сайыста жүлделі 2 орынды иеленді.

Білімге құштар оқушы мен оған қолдау білдірген ата-анасын және білімді шәкірт дайындаған жетекшісі Раушан Исақованы шын жүректен құттықтаймыз!

Шәкіртіміз үшін қуанатын жеңісті күндеріміз көп болғай.

М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған

мектеп-интернаты ұжымы.