«Қазақстан» жалпы білім беретін мектебінің тарих-география пәні бірлестігінің мұғалімдері "Тарих – ғасырлар куәсі" атты тақырыпта пән апталығын өткерді.
Мұндағы мақсат – оқушыларға өткен тарих туралы мәлімет бере отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуында еліміздің тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен керемет тарихи тұлғаларды еске алып, оқушыларға осы тұлғалар туралы сұрақтар беріп, жақсы атсалысқан сыныптар мен оқушыларға ынталандыру сыйлықтары мен марапаттар беріп, балалардың қызығушылығын арттырдық.
Сонымен қатар апталық барысында география пәнінің мұғалімдері – Оспан Айнагүл, Берниязова Меруерт, тарих пәнінің мұғалімдері – Ізбасар Нұргүл, Болатова Гүлзада, Сармуллаева Гүлзада, Тұрсыманова Айнұр, Қозыбаев Мейірбек, Айдарбекова Ұлжан, Әріпбаева Фарида есімді ұстаздар өткізген сабақтарында жасанды интелектті пайдалана отырып, жоғары деңгейдегі сабақ үлгілерін көрсетті.
Апта бойы оқушылар мен оқытушылар түрлі дәуірге кіріп, маңызды тарихи оқиғалармен және тұлғалармен танысты, байқауларға, көрмелер мен шеберлік сыныптарына қатысты. Мұндай іс-шаралар оқушыларға тарихты жақсы түсінуге және бағалауға, өткенді зерделеуге, қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.
Тарихты зерделеуде белсенділік танытқан және байқауларда жеңіске жеткен үздік қатысушыларды марапаттауға ерекше назар аударылды. Тарих апталығының педагогтары мен ұйымдастырушылары өткенге деген қызығушылықты дамытуға және тарихи жадыны тәрбиелеуге бағытталған осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтары арта түскенін пайымдадық. Тарих апталығының жабылуы білімге, шығармашылыққа және өзара тәжірбие алмасуға толы қарқынды және нәтижелі аптаның жарқын қорытындысы болды. Бұл барлық қатысушылардың жүрегінде терең із қалдырды.
Айнагүл ОСПАН, «Қазақстан» ЖББМ тарих-география пәні бірлестігінің жетекшісі.