Шардара ауданына "Agriqa Asia" ЖШС  мен бірлескен Жапония елінің  "Marubeni Protechs Corporation" компаниясының өкілі Сода Анаму мырза келіп, аудан  әкімінің уақытша міндетін атқарушы Б.Шомпиевтың қабылдауында болды.

Қабылдау барысында бірқатар тың жобалар талқыланды.  Күн тәртібіндегі  "Agriqa Asia" ЖШС  инвестициялық жобасын Жапония компаниясымен бірлесе іске асырылатындығы айтылып, тиісті жұмыстарды бастау  көзделіп отырғандығы сөз болды. Қазіргі таңда жобаны іске асыруға жер учаскесі таңдалып, тиісті құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстарын қаржы мәселелерінің шешілуіне қарай бастау күтілуде.

Инвесторлардың мақсаты – ауданда өндірістік жылыжай кешені, гранулалы құрама жем шығару кәсіпорыны, сублимациялық цех, томат өңдеу зауыты сынды бағыттарда жұмыс жасау.

"Өскен өңір" – ақпарат.