\Қыркүйек айының 5-9 жұлдыздары аралығында Шымкент қаласында каратэ (WKF) Шито-Рюдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысып, өзара бақ сынады. Олардың қатарында жерлесіміз Ақниет Темірхан 54 келі салмақта өнер көрсетті.

Аса тартысты да қызықты өткен жарыста Ақниет Темірхан өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, еліміздің чемпионы атанды. 

Ақниет пен оның жаттықтырушысы Қалқаман Жалғасты жеңістерімен құттықтаймыз. Байрақты бәсекелерде жеңіс тілейміз. 

«Өскен өңір» – ақпарат.