Тамыз айының 24-25 күндері Шардара қаласында футболдан ересектер арасында Юнусов Болатбек Қақанұлының 63 жас мерейтойына арналған облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірнен 14 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Олжас Айдосов мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, бүгінгі ойынның қызықты өтуіне тілектестік білдіріп, жарысты ашық деп жариялады. Сонымен қатар мерейтой иесі Б.Юнусовқа аудан әкімнің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

Аталған жарыс 2 күнге созылды. Қызықты да тартысты өткен ойын қорытындысында І орынды Шардара ауданы командасы жеңіп алды. ІІ орынға Сарыағаш ауданының, ІІІ орынға Атакент командасы ие болды.

Жарыс соныңда жеңімпаз командалар медаль, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Өз тілшімізден.