Өткен аптаның жұмасында ауданымызда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің дәстүрлі "Алтын күз – 2024" мерекесі аталып өтті. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауданнан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Негізгі шара аудандық мәдениет үйінде өтіп, оған аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Құрметті ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, ардагер ағалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді бүгінгі дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «Алтын күз-2024» мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздердің барлықтарыңыз да биылғы жылы аудан көлемінде мол өнім өндіруге өзіндік үлес қостыңыздар.
Сіздерге алдағы кездерде толағай табыстар тілеймін, жүздеріңізден жайдары көңіл, берекелі тіршілік кетпесін!» - деген аудан әкімі ауданның ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік үш ауылдық округті марапаттады.
Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан «Озат ауыл» номинациясы бойынша 1-орынды Алатау батыр ауылдық округі, 2-орынды Сүткент ауылдық округі, 3-орынды Достық ауылдық округі иемденді.
Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция тартушы үздік ауыл» номинациясына Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, «Су үнемдеу технологияларын өндіруде озат ауыл» номинациясына Жаушықұм ауылдық округі, «Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда озат ауыл» номинациясына Ақшеңгелді ауылдық округі, «Бақша өндіруден озат ауыл» номинациясына Көксу ауылдық округі ие болды.
«Апшен» шаруа қожалығы (төрайымы Қарымбаева Құралай) «Озат күріш өндіруші», «Жұмабеков Тулеген» шаруа қожалығы (төрағасы Төлеген Жұмабеков) «Озат көкөніс өндіруші», «Арыстан» шаруа қожалығы (төрағасы Ақжігітов Мұсабек) «Озат бақша өндіруші», «Алатай ата» шаруа қожалығы (төрағасы Алатай Ерғали Бектанұлы) «Озат жүгері өндіруші», «Нұрман» шаруа қожалығы (төрағасы Нұрман Дәурен Абайұлы) «Озат мақта өндіруші», «Жанарыс» шаруа қожалығы (төрағасы Жақыпов Мұхтар) «Озат мал бордақылаушы», «Садыр» шаруа қожалығы (төрағасы Шайхов Жәнібек) «Озат қой шаруашылығын дамытушы», Сыпатай Сакен «Озат құс шаруашылығын дамытушы», «Бекзат» шаруа қожалығы (төрағасы Халбеков Асет) «Озат түйе өсіруші», «Қуаныш» шаруа қожалығы (төрағасы Ізбаев Бақыт) «Озат мал азығын дайындаушы», «Әлібай» шаруа қожалығы (төрағасы Әлібаев Асан) «Озат балық өндіруші», «Өмірсая-2» шаруа қожалығы (төрағасы Ильясов Ержан) «Озат балық шаруашылығын дамытушы», «Әлімжан» шаруа қожалығы (төрағасы Ешбаев Әлімжан) «Озат ет өнімдерін өндіруші», «Жаманбай» шаруа қожалығы (төрағасы Аблаев Мұрат) «Озат түйе өнімін (шұбат) дайындаушы», «Алти-С» шаруа қожалығы (төрағасы Ермекбаев Ғалымжан) «Озат ірі мүйізді қара мал өсіруші», «Нұрболат» шаруа қожалығы (төрағасы Құнаров Алтынбек) «Озат жылқы малын өсіруші» атанып, аудан әкімінің марапатына ие болды.
Бұдан бөлек «Алинур» шаруа қожалығы (төрағасы Серік Аумеков) «Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда озат агроқұрылым», «Иіржарагро» ЖШС (төраға Шыршықбаев Оразалы) «Инвестиция тартуда озат агроқұрылым», Әлмұрадов Жүсіпхан «Үздік механизатор», Алимов Тасанбай «Үздік агроном» атанды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген зейнеткерлер – Мұратбек Нұрпейісов (Ұзын ата ауыл округі), Еркінбек Айдынбаев (Қоссейіт ауыл округі), Аманәлі Ералиевтер (Көксу ауылдық округі) де марапатқа лайық деп танылды.
«Казсушар» РМК Шардара өндірістік бөлімшесі, инженер-гидротехнигі Болат Сүлейменов, аумақтық инспекцияның бас маманы Нұрғали Оразбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Құралбек Қадыров, аудандық статистика басқармасының маманы Роза Ахметова, Қоссейіт ауыл округінің жер маманы Самат Серік, ауыл округінің жер маманы Жасұзақ Адамбаев, «Жастар ресурстық орталығының» маманы Дәулет Қаныбековтер «Үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлері» деп танылып, аудандық мәслихат төрағасының атынан марапатталды.
Кеште ауданымыздың маңдайалды өнерпаздары мен елге белгілі әншілер мерекелік ән тарту етті.
Аудан басшысы жиында басқа да ауыл шаруашылығына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға және аудан халқына алғыс білдіріп, баршаны алдағы уақытта да ауданымыздың еселеп даму үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.