Өмiрзақ Шөкеев, Түркiстан облысының әкiмi:
Қазақылықтың қайнары, Шардара өңiрi – тарихы мен мәдениетi, өркениетi мен дамуы қатар ұштасқан киелi де шежiрелi мекен.
Шардара топырағы қашаннан ерлiк пен елдiктiң, қайнаған еңбектiң мекенi болған. Қойнауында Сырдариядай шалқары бар, барханды шөлi, топырағы құнарлы, ырысты, күрiштi аймақтың дамуына аудан тұрғындары да өз үлестерiн қосып келедi.
Қызылқұм өңiрiн игеруде ерен еңбектiң үлгiсiн көрсете бiлген ардагер ағаларымыздың арқасында осындай шалқар теңiзi бар, шежiрелi Шардара ауданы аяққа тұрып қана қойған жоқ, сонымен бiрге ақ алтын мақтасы мен ақ маржан күрiш егуде, асыл тұқымды мал өсiруде бүкiл республикаға атағы шықты.
Жастардың жарқын болашағы, елдiң бақытты ертеңi үшiн жастық жалынын, ерiк-жiгерiн аямай қызмет еткен ардагер ағалардың ерен еңбегiн келер ұрпақ ұмытпақ емес. Шалқар Шардараның ең басты байлығы – оның еңбексүйгiш адамдары.
Бiрлiгi жарасқан, татулығы бекем, еңбексүйгiш аудан халқы республикамыздың, облысымыздың ауыл шаруашылығының дамуына елеулi үлес қосып келедi.
Осы салтанатты сәттi пайдалана отырып, Шардара ауданының бүгiнiн жарқын, болашағын баянды ету жолында талай жылдар тынымсыз тiрлiк, елеулi еңбек еткен ел азаматтары, аға буын өкiлдерiне, барша Түркiстан облысы жұршылығының атынан Сiздердiң ел үшiн еткен еңбектерiңiзге, туған жерге деген жанашырлықтарыңызға зор ризашылығым мен шексiз алғысымды білдіремін.
Азат Перуашев, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы:
Қадiрлi Қайрат Жолдыбайұлы!
“Ақ жол” Қазақстанның демократиялық партиясы мен парламенттегi фракциясы атынан сiздердi биылғы Түркiстан облысы Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл, аудан орталығының Абай ауылынан Шардара қаласына көшiрiлгенiне 50 жыл толуымен құттықтаймыз!
Түгел түркiге қасиеттi Түркiстан өңiрiнде, Қызыр аралаған Қызылқұмда, сұлу Сырдың жағасында, Шардараның сайын даласында орналасқан тарихи ауданның 55 жылдығы елiмiз үшiн де ерекше маңызды мерейтой екенi анық. Талай тарлан ақындардың айшықты жырларына арқау болған Шардараның аты елiмiзге жақсы белгiлi. Кезiнде өркениет бесiгi атанған Сыр бойындағы гүлденген қалалардың бiрi болған Шардара сан ғасырдан соң қайта түледi. Шардарадан шығып, шартарапқа танылған шайырлар жырлағандай, Құмстаннан Гүлстанға айналды.
Шағыл құм мен шағалалы теңiздiң әдемi үйлескен ажары Антальядан кем емес Шардараның туризмдiк болашағы жарқын екенiне сенемiз. Ал Шардараның балығы мен қарбызы ел өнiмдерiнiң iшiнде брендтiк мәнге ие екенiн айта кетуге тиiспiз.
Шардара ауданында “Ақ жол” партиясының филиалы мен қалың тiлеулестерiмiздiң бар екенiн жақсы бiлемiз. Олар ауданның қоғамдық-саяси өмiрiне өз үлестерiн қосып жүр.
Шардаралықтардың өмiрi Шардарадай шалқыған табысты және бақ-береке мен шат-мерекелi бола берсiн деймiз.
Алдарыңыздан әрдайым Ақ жол ашылсын деп тiлеймiз!
Ерлан АЙТАХАНОВ, Шымкент қаласының әкiмi,
Ғани Ташқараев, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы:
Биыл Түркiстан облысы Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толып отыр.
Ауданның аты – “Шардара” сөзi көне парсы тiлiнен аударғанда “Төрт қақпа” деген ұғымды бiлдiредi дейдi ғалымдарымыз. Өздерiңiзге белгiлi, бiздiң Оңтүстiк өңiрi әйгiлi Жiбек жолы өткен аймақ болса, сол даңқты сауда жолының керуендерi де осы Шардара аумағында тоғысып, тоғыз жолдың торабы болған аймақ.
Айта берсек, ауданның мақтан тұтар тұсы көп. Соның бiрi де бiрегейi – балығы тайдай тулаған, шағаласы көкте ойнаған Шардара су қоймасы. Тек өңiрiмiздiң ғана емес, елiмiздiң мақтанышы.
Өңiрдiң туризмi де дамып келедi. Шардара су қоймасы мен Қызылқұм туризмдi дамытуға қолайлы аймақ екенi белгiлi. Осынау бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынып, туристiк әлеуетiн арттыру мақсатында “Сафари Шардара” iс-шарасы өттi. Халықаралық фестиваль Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Фестиваль Шардара су қоймасының жағалауы мен Қызылқұм алқабында туризмдi дамытуға мол мүмкiндiк бар екенiн дәлелдеп бердi.
Мұның барлығы да сiздердiң, Шардара жұртшылығының қажырлы еңбегiмен жүзеге асуда.
Осынау мерейлi мерекелерiңiз тағы да құтты болсын! Шағалалы Шардара шартарапқа танылып, дами берсiн! Тәуелсiз Қазақстан жасай берсiн!