(«Шардара аудандық мансап орталығы» филиалының 2025 жылдың алғашқы 4 айында атқарған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет)
«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы 5269 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 1601 адам қамтылды.
400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 79 азаматқа берілмек.
2023-2024 жылдардан өтпелі субсидияланған жұмыс орындарының контингенті – 444 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 129, жастар практикасына – 47, қоғамдық жұмыстарға – 480 адам жолданды.
«Күміс жас» жобасы бойынша 108 адамды қамту көзделгенімен, қаржының жоқтығына байланысты жұмыс басталмады.
Бос жұмыс орындары арқылы 456 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Президент тапсырмасына сәйкес, 4 айда 32 жаңа жұмыс орны ашылды.
Электронды еңбек биржасы арқылы 10 жобада 268 жұмыс орны ашу жоспарланған, қазіргі таңда 13 орын құрылды.
Ж.Елдашбаев,
Шардара аудандық “Мансап орталығы” филиалының
еңбек ресурстарын мониторингілеу және болжау бөлімінің басшысы.