Жуырда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен, ауданымыздың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында «Эко-марафон» өтті.

Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев және ауданымыздың ерікті жастары қатысып, “Сана тазармай, дала тазармайды” ұранымен Төлеби көшесінің бойындағы желілік саябақтар тазартылды.

Эко-марафонда Шардара қаласының жастары «Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау біздің міндетіміз» деген ұранмен  «Эко-марафонды» Жауышықұм ауылдық округінің барша тұрғындары мен жастарына жолдады.

Айта кетсек, алдағы уақытта эко-марафон аудан көлеміндегі 10 ауылдық округте жалғасын табатын болады.

Өз тілшімізден.