Сәуір айының орта тұсында Түркия елінде өткен “Fibonacci International Robot Olympiad” халықаралық чемпионатында М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатынаның дарынды оқушыларынан құралған команда үлкен жетістікке жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Атап айтар болсақ, 19 елден 500 команда қатысқан тартысты додада мектебіміздің “SHardaraDaryn” және “ShardaraDaryn-1” командаларының құрамындағы Ережеп Уәлихан мен Әділбекұлы Берікболсын “Autonomous car” және “Minisumо” категориясы бойынша Италияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама жеңіп алды.
Осыған орай жеңімпаздарды жетістікке жеткізіп отырған информатика пәні мұғалімі Маржан Саудабаеваны және ата-аналарымызды шын жүректен құттықтап, ерекше алғысымызды білдіреміз
Дарынды дарабоздарымызға Италия елінде де сәттілік тілейміз!
М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты ұжымы.