28 сәуірде Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында аудан әкімі 2025 жылдың алғашқы үш айының қорытындысын жариялап, бірқатар индикаторлық көрсеткіштердің төмен екенін атап өтті. Арман Романұлы бұл жағдайды түзету үшін барлық бөлім басшыларына жұмысты жандандыруды және нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды.
Жиында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Білалов пен Достық ауылдық округінің әкімі Е.Ақжігітов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Мәжіліс аясында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, индус-триялық аймақтағы құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдер, туристік аймақтың инфрақұрылымы, Келес–Шардара тас жолының жөндеу жұмыстары, газбен қамту, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, ауыз су мәселесі, тұрмыстық қалдық полигондарының жағдайы, көгалдандыру және суғару жүйелері, көпқабатты тұрғын үйлерді газға қосу мен спорт-ойын алаңшаларын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.
Аудан басшысы әр сала бойынша негізгі кемшіліктерге тоқталып, жұмысына салғырт қараған бірқатар сала жетекшілеріне қатаң ескерту жасап, жауапкершілікті күшейтуді және нақты нәтижеге бағытталған жұмысты жандандыруды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.