Кешегі аптада Түркістан қаласында педагогтер арасында «ROBOTUR V» облыстық байқауы өтті. Аталған байқауға Шардара ауданының ұстаздары да қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Облыс көлеміндегі барлық аудандардан қатысқан командалар арасында шардаралық мұғалімдер 8 санат бойынша 5 жүлделі орынға ие болды.

Атап айтқанда, «Лабиринт» санаты бойынша бірінші орын, «Innovation Project» санаты бойынша екінші орын, «Robot Design» және «Инверсті сызық» санаты бойынша үшінші орындарды жеңіп алды. Бұдан бөлек «Көрме» санаты бойынша 2 мадақтамаға ие болды.

Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте 18 команда арасында Шардара ауданы ІІІ орынды иеленді.

Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Шардаралық ұстаздардың табысы – ауданымыздың білім саласындағы биік белестерге ұмтылысының айқын дәлелі.

Ұстаздар қауымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.

Өз тілшімізден.