Құрметті жерлестер!
Сіздерді татулық пен келісімнің үлгісіне айналған «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мейрам – қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлт пен ұлыстың ынтымағын одан әрі нығайтатын мереке.
Қазақ – қашанда бауырмал халық. Қиын кезеңдерде ата-бабаларымыз елімізден пана іздеп келгендердің бәрін бауырына басып, бір үзім нанды бөліп жеді. Ел басына күн туған замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі.
Достық бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ біз 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін де 30-шы рет атап өтеміз. Бұл маңызды екі оқиғаның қатар келуі жай ғана сәйкестік емес, заңдылық. Оның себебі мынада: Мерекенің мәні мен мағынасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің мәні мен мағынасына толық сәйкес келеді, бұл – жалпыұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастардың тұрақтылығы мен үйлесімі, Қазақстан халқының мәдениетаралық үнқатысу мен қоғамдық келісім негізінде бірігуі.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, бүгінде ауданның этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуде.
Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Құрметті ағайын!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!
Баршаңызға шынайы көңілмен бақ-береке тілейміз. Бейбітшілік, тұрақтылық, азаматтық келісім орнаған Қазақстан жасасын!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
аудан әкімі А.Қарсыбаев,
аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев