Апта басында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте әрбір саладағы жұмыстар жеке-жеке сараланып, пысықталды.
Тарата айтсақ: туристік аймақтың инфрақұрылымы, Келес-Шардара тас жолын жөндеу, газ, инвестициялық жобалардың құрылысы, ауыз су, қоқыс полигондарын ретке келтіру, шегіртке және шіркеймен күрес барысы, ағын су каналдары, жер мәселесі, «Шебер» тігін цехының жұмысы, көпқабатты тұрғын үйлерді газға қосу, спорттық ойын алаңшалары және әр ауылдардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелерді ауыл әкімдерінен жеке-жеке сұрап, жоспарлар пысықталды.
Аудан әкімі әрбір саладағы негізгі кемшіліктерге тоқталып, жұмысқа салғырттық танытқан сала басшыларына қатаң ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.