Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік шекарасынан заңсыз мал өткізушілердің жолын кесу және алдын алу мәселесі туралы арнайы отырыс өткізілді.

Мәжіліске Түркістан облысы ҰҚК Шардара ауданы бөлімшесінің бастығы Айтқұлов Нұрсұлтан Мейіржанұлы, Шардара ауданы прокурорының орынбасары Нұрахым Сәбит Қуатұлы, ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша басқармасының бастығы Аяғанов Асқар Серікұлы, ҰҚК Шекара қызметі Мақтаарал ауданы бойынша басқарма бастығының орынбасары Салдаров Бақытжан Шарапбайұлы, Шардара ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Сатыбалдиев Қасымхан Өмешұлы және ауыл шаруашылығы, табиғат қорғау қызметінің өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік шекарасынан заңсыз мал өткізушілердің жолын кесу және алдын алу мәселесі туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы А.Аяғанов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде шекараны бұзып өту ісі бойынша Мақтаарал ауданында 5 дерек анықталғанын, сонымен бірге Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің келісімшартына байланысты біріккен шекара күзету жұмыстары жүргізілгенін тілге тиек етті.

Отырыс барысында шекараны бұзып, заңсыз мал өткізу істерін тоқтату жұмыстарына байланысты көптеген ұсыныстар айтылды.

Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Е.Қаратунов жиын барысында айтылған мәселелер қатаң бақылауға алынатынын атап өтті. 

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.