Өткен аптада аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ауданымызда Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанғалы тұрған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков ашып, жастарға ел сенімін ақтап, абыроймен оралуға тілектестік білдірді. Сонымен қатар, әскери қызметін адал атқарып, тәртіп пен дайындықта үлгі болған сарбаздарға аудан әкімінің атынан арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Шара барысында Ауған соғысының ардагері Қ.Сатпаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімше басшысы, подполковник Е.Жұманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібековтер сөз сөйлеп, сарбаздарға ақ жол, сәтті сапар тілеп, ақ батасын берді.

Бұл – Отан қорғау жолына шыққан ер жүрек жастарға көрсетілген зор құрмет пен сенімнің белгісі. Елінің ертеңі үшін аттанған әр сарбаз аман оралсын!

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.